Алматылық волейболшылар ел чемпионатындағы басты қарсыласын үшінші рет ойсырата ұтты

Олар кеше басты қарсыласын 3:0 есебімен ойсырата ұтып, осымен үшінші рет ұпайсыз қалдырды. Бұған дейінгі екі кездесу 3:0, 3:1 есептерімен аяқталған болатын.
Қазір «Алматы» 15 кездесуден кейін 34 ұпаймен турнир кестесіндегі көшбасшылық тізгінді ешкімге ұстатар емес. Одан бір ойыны артық «Атырауда» - 28 ұпай бар. Атырау командасынан кейін 1 ұпайы ғана кем «Конденсат» (Орал) пен «Павлодар» (Павлодар) орналасып отыр. Егер оралдықтардың бір ойыны кем екенін ескерсек, атыраулықтарға енді өз орнын сақтап қалу айтарлықтай қиындық тудыруы мүмкін. Ал Хромтаудың «ТНК Қазхромында» - 26, Қызылжардың «Есілінде» - 10 және Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрлысында» 10 ұпай бар.
Бүгін барлық командалар бір күн тынығып, 13-15 ақпан күндері үшінші турдың қалған ойындарын өткізеді. Онда ертең «Есіл» мен «Алматы», «Атырау» мен «ТНК Қазхром», «Конденсат» пен «Павлодар» күш сынасады. Бұған дейін алматылықтар қызылжарлықтарды 0:3, 2:3, атыраулықтар хромтаулықтарды екі рет 3:2, ал оралдықтар павлодарлықтарды 3:0, 3:2 есебімен жеңген болатын.