Алматылық волейболшылар клубтық Азия чемпионатында «Д» тобында көш бастап келеді

АЛМАТЫ. 23 сәуір. ҚазАқпарат -Иранның Тегеран қаласында волейболдан ерлер арасында өтіп жатқан ХIV клубтық Азия чемпионатын Геннадий Паршин жаттықтыратын «алматылықтар» сәтті өткізуде.

Алматылық волейболшылар клубтық Азия чемпионатында «Д» тобында көш бастап келеді

«Д» тобында бақ сынап жатқан олар Оманның «Saham» командасын 3:1 (25:22, 23:25, 25:22, 25:19), Жапонияның «Тайота Gosei Trefuerza» командасын 3:0 (25:20, 25:23, 25:20) есебімен ұтты. Бүгін олар енді ақтық ойынын Мальдив чемпионыдарымен өткізуде. Олар бұған дейін жапондықтарға 0:3, омандықтарға 1:3 есебімен ұтылған болатын. Қазір турнир кестесінде «Алматы» 6 ұпаймен бірінші, «Тайота Gosei Trefuerza» мен «Saham» 3 ұпаймен 2-3 орында, ал қоржынында бірде-бір ұпайы жоқ «Мальдив» турнир кестесін түйіндеуде.

Егер «алматылықтар» топтық сында үздік шықса 24 сәуірде Катардың «Al-Rayyan», Өзбекстанның «Өзбектелеком» және Ирактың «South Gas Club» клубтары өнер көрсетіп жатқан «В» тобында 2-ші орын алған, ал 25 сәуірде 1-ші орын алған волейболшылармен кездеседі. Ширек, жартылай және ақтық сындар 27-29 сәуір күндері болады.