Алматылық волейболшылар клубтық Азия чемпионатының іріктеу кезеңінде өз тобында үшінші орын алды

АЛМАТЫ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Джинджанг қаласында өтіп жатқан клубтық Азия чемпионатында ел намысын қорғап жатқан "Алматы" волейбол клубы ширек финалға өтті,

Алматылық волейболшылар клубтық Азия чемпионатының іріктеу кезеңінде өз тобында үшінші орын алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

Маусымның 5-і күні басталған бұл дүбірлі дода жексенбі күні аяқталады. Ұлттық лига командалары арасында XVIII Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанған "Алматы" волейбол клубы іріктеу кезеңінде "А" тобында үшінші орын алды. Олар жапондық және қытайлық құрдастарына 3:0, 3:2 есебімен ұтылып, Вьетнам мен Индонезия спортшыларынан 3:1, 3:0 есебімен басым түсті. Енді олар 1-8 орындар үшін ширек финалда ертең Катардың «Әл-Aраби» командасымен кездесетін болады. Катарлықтар іріктеу кезеңінде Өзбекстан (3:0) мен Тайланд волейболшыларынан (3:2) басым түскен болатын.