Алматылық волейболшылар Қытайда халықаралық турнирге қатысуда

АЛМАТЫ. 14 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Қытайдың Тайсанг қаласында волейболдан ерлер командалары арасында халықаралық турнир басталды.

Алматылық волейболшылар Қытайда халықаралық турнирге қатысуда

Онда ел намысын қорғап жатқан «Алматы» волейбол клубы алғашқы ойында жарыс қожайындарының құрамасына 3:0 есебімен есе жіберді. Ал Австралия құрамасы Иран құрамасын 3:2 есебімен ұтты. Шілденің 20-сына дейін созылатын бұл турнирдің екінші айналымы Дженг Джанг қаласында жалғаспақ.