Алматылық волейболшылар Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатын сәтті бастады

АЛМАТЫ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Хромтауда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 1-туры басталды.

Алматылық волейболшылар Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан  чемпионатын сәтті бастады

Алматы («Алматы») мен Қызылжар («Есіл») қалаларының командалары арасындағы ойынмен ашылған ел біріншілігі алматылықтардың 3:2 есебімен (25-18, 19-25, 20-25, 25-19, 15-10) жеңісімен аяқталды. Атыраулық («Атырау») волейболшылар өскемендік («ШығысҚорғасынҚұрылыс») құрдастарына 0:3 есебімен ойсырай ұтылды (16-25, 21-25, 21-25). Мұндай есеп жарыс қожайындары «ТНК Қазхром» командасы мен Оралдың «Конденсат» командалары арпасындағы кездесуде тіркелді. Онда хромтаулықтар қонақтардан 3:0 (25-21, 25-20, 25-23) есебімен басым түсті.

Бүгін енді «ШығысҚорғасынҚұрылыс» пен «Конденсат», «Атырау» мен «Алматы», «ТНК Қазхром» мен «Есіл» кездеседі. 19 желтоқсанда жалауы көтерілген бұл сайыс 24 желтоқсанға дейін созылады.