Алматылық волонтерлер қала тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазақстанның еріктілер лигасы» ҚҚ Алматы қаласы филиалының жетекшісі Бағдат Анарбаева волонтерлердің атынан шаһар тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық волонтерлер қала тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

«Тәуелсіздік күні - ел тұрғындарын біріктіретін, қазақстандықтар үшін өте маңызды мереке. Осындай ерекше мәні бар, әрі маңызды күнде біз тарихымызға құрметпен қарап, Тәуелсіздіктің бізге қалай жеткенін еске аламыз. Қазір біздегі бардың бәрі үшін мемлекетке алғысымызды айтамыз. Мен осындай бейбіт заманда туып, өмір сүріп жатқаным үшін бақыттымын. Мен тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмын. Барлық азаматтарды шын жүректен осы мерекемен құттықтап, бізге осындай жағдай жасап отырған мемлекетімізге алғыс айтқым келеді. Еліміз гүлдене берсін, аспанымыз ашық болсын және әрбір қазақстандыққа бақыт тілеймін», - дейді ол.

Волонтер жылы аясында Алматыда 78 іс-шараның жоспары бекітілді.

Оның ішінде 700 мыңнан астам адамды қамтитын 12 серпінді жоба бар.

Барлық жобалар мен іс-шаралар Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерге сәйкес әзірленіп, үйлестірілді.