Алматылық жасөспірімдер «Күзгі демалыс-2012» халықаралық футбол турнирінің жеңімпазы атанды

АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Қайрат» футбол клубының әйгілі аяқдопшысы, КСРО Спорт шебері Сергей Квочкинді еске алуға арналған «Күзгі каникул-2012» VI Халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.
None
None

2000 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бұл байрақты бәсекеге биыл Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдерінен 8 команда қатысқан болатын. Ақтық сында Қырғызстанның Бішкек қаласының «Дордой» командасын 1:0 есебімен ұтқан алматылықтар («№2 СБЖОРМ») турнир жеңімпазы атанды. Қарағандының «Шахтерімен» негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсіп, тек 11 метрлік пенальти тебу кезінде 5:4 есебімен басым түскен Өзбекстанның Ташкент қаласының «ГСШИ» командасы қола жүлдегер атанды. Ал «Астана», «Монтажник» (Тараз), «Қайрат» (Алматы), «Сібір» (Новосібір) командалары 5-8 орынды өзара бөлісті. Сондай-ақ алматылықтардан Д. Устименко («Қайрат») «Үздік қақпашы», Д. Қашкен («№2 СБЖОРМ») «турнирдің үздік ойыншысы», Д. Марат («№2 СБЖОРМ») «Үздік бомбардир»,  А. Шамурзаев («Дордой») «Үздік қорғаушы», В. Ступницкий («Шахтер») «Үздік оң қапталдағы қорғаушы», Х. Кургонбоев («ГСШИ») «Үздік шабуылшы» аталымдары бойынша жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар