Алматылық жасөспірімдер су добынан ел чемпионатында көш бастап келе жатыр

  АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында  су добынан жасөспірімдер арасында ел чемпионатының 2-ші туры өз мәресіне жетті.

Алматылық жасөспірімдер су добынан ел чемпионатында көш бастап келе жатыр

Онда  1998 және одан төмен жастағы қыздар  арасында 3 команда бірдей 12 ұпай жинап, жеңімпаз  қарсыластар қақпасына соққан және өз қақпасына жіберіп алған доп санына қарай анықталды. Бұл біліктілікте  Тараз қаласындағы №4 спорт мектебінің бағы жанып, Алматы қаласындағы №4 спорт мектебі мен «Астана» су добы спорт клубы 2-3 орынды иеленіп, қарағандылықтар мен Жамбыл облысының командалары  4-5 орынды бөлісті. Соның нәтижесінде 2 турдың қорытындысы бойынша алматылықтар   бірінші, жамбылдықтар   екінші, астаналықтар үшінші орын орында келе жатыр.

Ал  1996 жылғы жасөспірімдер  арасында  бұл жолы Жамбыл облысының командасы үздік шықты. Ал Астана мен Алматы қалаларының командалары 2-3 орын алды. Жамбылдықтар бұл турдың қорытындысы бойынша өз тобында  турнир кестесінде  көш бастауда.