Алматылық жастар Елбасына ескерткіш орнатуды ұсынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық конференция барысында «Жас отан» жастар қанатының Алматыдағы төрағасы Мәди Ахметов Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына ескерткіш орнату жөнінде ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық жастар Елбасына ескерткіш орнатуды ұсынды

«Құрметті Нұрсұлтан  Әбішұлы. Мен өзіңіз сияқты Алматы қаласының тумасымын. Жасым 24-те. Сіздің халқыңызға сіңірген ерен еңбегіңіздің өтеуі ретінде Алматыда Назарбаев даңғылында ескерткіш орнатуды ұсынамын. Оны мұнда отырған жастар қолдайды деп сенемін», - деді Мәди Ахметов.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев албырт жастың ұсынысына: «Мен осында жастардың келгеніне қуанамын. Әр жерге ел жер атауына менің атымды беруге мен жалпы қарсымын. Алдарыңызда отырмын ғой. Қайтесіздер ескерткішті. Бірақ ұсыныс айтылып жатса, барлығы менің қолымда емес, президент емеспін гой. Халық солай деп шешсе, оған мен қарсы бола алмаймын. Шын жүрегіммен ризашылық білдіремін», - деді Н.Назарбаев.

Жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы - бар ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған ұлтының адал перзенті екенін айтты.