Алматылық жедел жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлер халықаралық байқаудың жеңімпаздары атанды
АЛМАТЫ. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жедел медициналық қызмет көрсету бойынша Литваның Каунас қаласында 5-7 қыркүйек күндері өткен
VI Халықаралық жарыста Алматы қаласының жедел медициналық көмек стансысының дәрігерлері мен фельдшерлері бірінші орын алды. Бұл бәсекеге қазақстандықтар биыл тұңғыш рет қатысып отырғанына қарамастан, Латвия, Эстония, Украина, Литва елдеріндегі әріптестерінен басым түсті. Байқауға 5 мемлекеттен 28 команда қатысқан болатын. Онда Қазақстан намысын Алматы қаласынан 2 команда қорғады. Жеті кезеңнен тұратын бұл сайыста алматылықтар ең үздік деп танылды.