Алматылық жігіттер волейболдан Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

АЛМАТЫ. 31 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 29-30 қазан күндері «Темір дос» спорт кешенінде волейболдан КСРО спорт шебері, Еңбек сіңірген жаттықтырушы Октябрь Жарылғаповтың құрметіне арналған Қазақстан кубогының жартылай және ақтық ойындары болды.

Алматылық  жігіттер волейболдан  Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

Онда жартылай финалда Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» волейболшыларын 3:0, ақтық сында Хромтаудың «ТНК «Қазхром» спортшыларын 3:1 есебімен жеңген «Алматы» волейболы клубы алтын медаль мен Кубок иегері атанды. Әйелдер арасында мұндай мәртебеге Алматы облысының «Жетісу» командасы ие болды. Олар жартылай финалда «Астананы» 3:0, ақтық финалда «Ертіс-Қазхромды» (Павлодар облысы) 3:1 есебімен жеңді. Қазақстан кубогының күміс және қола жүлдесін әйелдер арасында «Ертіс-Қахром» мен «Астана», ал ерлер арасында «ТНК Қазхром» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» өзара бөлісті. Онда жетісулық Кроинна ишимцева мен алматылық Дмитрий Горбатов ең үздік ойыншы деп танылды.