Алматылық жігіттер жағажай волейболынан ел чемпионатының 1-ші турының жеңімпазы атанды

АЛМАТЫ. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтауда 24-26 мамыр күндері жағажай волейболынан XVII Қазақстан чемпионатының бірінші туры өтті.
None
None

Оған жарыс қожайындарынан басқа Астана, Алматы, Қостанай, Шымкент қалаларынан 24 команда қатысты. Ерлер арасындағы 15 команданың оны Ақтаудан, үшеуі Алматыдан, екеуі Шымкент пен Қостанайдан болса, әйелдер арасындағы 9 команданың сегізі Ақтаудан, біреуі Астанадан.

Тартысты өткен бұл сайыста ерлер арасында алматылық Сергей Шиндов пен Алексей Сидоренко жұбы («Ұшқын») жеңімпаз атанды. Екінші орынды актаулық Серік Сұпағалиев пен Александр Бабичев («Каспий-Батыс»), үшінші орынды алматылық Сергей Богату мен Владислав Пустынников («Динамо-ҚазҰУ) иеленді. Ал әйелдер арасында жүлделі орындарды ақтаулықтар өзара бөлісі. Атап айтқанда «Каспий-1» (Александра Варасова, Анастасия Туктарева) бірінші, «Ақтау» (Надежда Малыхина, Алина Пугачева) екінші, «Каспий-2» (Анна Елеференко, Екатерина Ласюта) үшінші орын алды. Ел чемпионатының келесі туры енді 13-17 маусымда Алматыда, үшінші туры 27-31 шілдеде Өскеменде жалғасады. Ал финалдық ойындар 8-12 қыркүйекте Алматыда өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар