Алматылық жігіттер жағажай волейболынан ел чемпионатының үшінші турында жеңімпаз атанды
АЛМАТЫ. 30 шілде. ҚазАқпарат - Жағажай волейболынан 26-28 шілде күндері Өскеменде ХVII Қазақстан чемпионатының 3-інші туры өтті.
Ерлер арасында - 21, әйелдер арасында 14 команда қатысқан бұл сайыста 1-2 орынды алматылық «ШВСМ ҚазҰУ-2» (Кирилл Гурин, Виуктор Пестов) мен «ШВСМ ҚазҰУ-1» (Сергей Богату, Владислав Пустынников) өзара бөлісті. Ақтаулық «Каспий» командасы (Александр Бабичев, Егор Дмитриев) үздік үштікті түйіндеді. Ал әйелдер арасында 1-2 орынды ақтаулық «Каспий-1» (Бақтыгүл Самаликова, Любовь Богату) мен «Каспий-2» (Анна Елеференко, Ласюта Екатерина) иеленсе, өскемендік «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Кристина Аниконова, Елена Малахова) үшінші орынды еншіледі.
Енді ел чемпиондарының есімдері 13-15 қыркүйекте Алматыда өтетін ақтық сында белгілі болмақ.