Алматылықтар Ashyq қосымшасын әрі қарай да қолдана береді - жаңа қаулы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылықтар Ashyq қосымшасын әрі қарай да қолдана береді - жаңа қаулы

Алматы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуын одан әрі алдын алу мақсатында шыққан жаңа қаулыға сәйкес, Алматы қаласының аудандарының әкімдері, мемлекеттік органдар, Кәсіпкерлер палатасы (келісімі бойынша), құқық қорғау және арнайы органдар, мекеме, кәсіпорындар және кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары объектілерде «Ashyq» жобасын іске асыруды жалғастырады.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» және «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» қаулылары іске асырылады.

Сондай-ақ жаңа қаулыға сәйкес Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің міндетін атқарушының 11 ақпандағы №4 қаулысының күші жойылды.