Алматылықтар Астана күнін тойлауды жыр-термелер кешінен бастамақ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ұлы Дала елі» халықаралық жыршылар фестивалі өтпек, онда еліміздің танымал жыршыларымен қатар, Өзбекстан, Башқұрт, Қырғыз елінен келген өнер иелері ұлт мұрасымен сусындатпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Нақтырақ айтқанда, бүгін «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ұлы Дала елі» халықаралық жыршылар фестивалі өтеді. Онда танымал жыршылар Берік Жүсіпов, Ақылбек Өтешов бастаған өнер майталмандары және Өзбекстан, Башқұрт, Қырғыз елінен келген өнер иелері ұлттық мұрамызбен сусындатпақ. Жыр кешінде Сәттіғұл Жанғабылұлының «Мұсылманның баласы», Омар Шораяқованың «Толғауы», Сүйінбай Аронұлының «Жігіттерге өсиет» шығармалары орындалмақ.
Сонымен қатар, 6 шілде күні Республика сарайы алдындағы Абай алаңында сағат кешкі 20:00-де салтанатты концерт өтеді. Оған отандық эстрада жұлдыздары: Жәмилә Серкебаева,«GS» гитаристер дуэті, Зарина Омарова, Тұрар Рахимберлин, Жанна Орынбасарова, «Ligtbend», «Аюми», «Мистерионс» топтары, Зируза, Кентал, Серік Ибрагимов және басқалары қатысады.
Бұлардан өзге қаланың әр ауданында Астана күніне арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, 6 шілде күні Абай алаңында жастарға арналған би кеші қойылса, сол күні «Мега Парк» ОСО-да мерекелік шаралар жалғасын таппақ.