16:30, 08 Мамыр 2017 | GMT +5
Алматылықтар «Б.Момышұлы» және «Мәншүк Мәметовамен» суретке түсті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен жасөспірімдер театрының әртістерінің орындауында «тірідей» Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Иван Панфилов, Талғат Бигельдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәлік Ғабдуллин, Сергей Луганский және тағы Отан соғысының батырларымен кездесіп, суретке түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы 28 панфиловшылар паркінде 7-9 мамыр күндері әскери техникалар көрмесі ұйымтастырылып, Ғ.Мүсірепов театрының актерлері Ұлы Отан соғысы батырларының рөлін сомдады. Осылайша, алматылықтар Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Иван Панфилов, Талғат Бигельдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәлік Ғабдуллин, Сергей Луганскийлермен «тірідей» кездесіп, суретке түсті.
Сонымен қатар, Даңқ мемориалы алдында «Біз - батырлардың ұрпағымыз» атты алғыс тақтасы қойылып, фотолар ілінді.