Алматылықтар балабақша орнына тұрғын үй салып жатқан компания үстінен шағымданды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық компания балабақша салынуы тиіс жерге тұрғын үй кешенін тұрғызуда. Тұрғындар әлеуметтік желіде наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Лукум» ЖШС балабақша мен бір бес қабатты тұрғын үй салуға рұқсат алған. Бірақ, қазіргі уақытта көпқабатты тұрғын үйлер кешенін салуда. Біздің балалардың жерін тартып алды. Бұған мемлекет те араласпай отыр»,- деп жазды тұрғындар.

Аталған мәселе бойынша ҚазАқпарат тілшісі Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына сауал жолдаған еді.

Басқарманың мәліметінше, Қарасай батыр көшесі 195/95 мекен жайындағы жер телімі аталған ЖШС-ға тиесілі болып шықты. Оны растайтын арнайы құжаттар бар. Мақсаты: балабақша, қызмет көрсету нысандары, жерасты автотұрағы бар көпқабатты тұрғын үй құрылысын салу (ЕСКЕРУ КЕРЕК: қолданыстағы ғимараттарды бұзумен).

«Меншік иесі 2018 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында негізгі ғимаратқа кіріктіріле салынған балабақша, жер асты автотұрағы бар көп қабатты үйдің жоба алдындағы құжаттарын алған. Еске салайық, жобалық құжаттама құрылыс басталғанға дейін ҚР заңнамасына сай міндетті түрде мемлекеттік сараптамадан өтеді», - деп жауап берді Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы.


Соңғы жаңалықтар