Алматылықтар бас көшелердің жаңа жобасына дауыс беріп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғындары бас көшелердің жаңа жобасына онлайн дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылықтар бас көшелердің жаңа жобасына дауыс беріп жатыр

Атап айтқанда, қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы Абай, Абылай хан, Назарбаев көшелерінің болашақтағы келбетін фотоиллюстрация арқылы сайтқа жариялаған болатын.

Онлайн дауыс беруге алматылықтар белсенді қатысып жатыр.

Абай көшесінің болашақтағы сипатына 1786 адам дауыс берген. Барлық жобалардың ішінен Ұлттық кітапхананың алдындағы өзгеріс көпшіліктің қолдауын туғызды. Жобаны дауыс берушілердің 72 %-ы ұнатқан.

Тұрғындар тарапынан Абай 30 мекенжайындағы 3 қабатты ғимараттың өзгерісі онша қолдау таппады. Бұл суретке дауыс берушілердің 70 %-дан астамы дизлайк басты.

Абылай хан көшесіндегі өзгеріс үшін 404 адам дауыс берген.

Адамдарға Абылай хан көшесіндегі 122 мекенжайындағы 3 қабатты тұрғын үйдің қасбеті ұнаған. Жобаны дауыс берушердің 67 %-ы қолдады. 

Ал Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның өзгерісі көпшіліктің көңілінен шықпады.

«Екі жобада ешқандай айырмашылық жоқ, ғимарат түстері сәйкеспейді. Жасыл-желек аз», - деген пікірлер тіркелді.

Назарбаев көшесінің шығыс жағында 124 мекенжайдағы ғимараттың сырт келбетін дауыс берген 214 адамның 66 %-ы ұнатқан.

Ал, қазіргі Арбатта орналасқан Пассаж сауда үйінің  болашақтағы келбеті дауыс бергендердің 70 %-ы ұнамады.

Жалпы алғанда тұрғындардың 60%-ы қаланың қайта жасау жоспарын ұнатса, 30 %-ы - өзгеріс керегі жоқ деп отыр. Ал, сұралғандардың 8 %-ы жасыл желектің аздығын алға тартса, 6 %-ы автотұрақ мәселесі шешілмеген деп санайды.

Айта кету керек, 5 ақпаннан бастап қалалық Сәуле және қала құрылысы басқармасында орталық көшелерді қайта жасау жобалары қоғам талқысына ұсынылған болатын.
null null null null