Алматылықтар Батыс Қазақстандағы су тасқыны апатынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек қолын созды

АЛМАТЫ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматылықтар Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны апатынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек жасауда.
None
None

Қазір 400 келіден жоғары азық-түлік пен 450 келі киім-кешек жиналды. Әлі екі апта бойы қалада 6 көмек жинау орыны жұмыс істейтін болады. Бұл жайында бүгін Алматы қалалық партиялық бақылау комиссиясы мен «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты сынды шараның бастамашыл топтары Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Көмек жинайтын орындар Алматының «Керемет», «Silk way city» Сауда үйлері мен «Юбилейный», «Столичный» дүкендері, «Mega Tower» орталық ауылшаруашылық базары және «Нұр Отан» ХДП-ның Алматылық филиалының кеңсесінде орналасқан. Зардап шеккендер тек азық-түліктен ғана емес, басқа да бұйымдарға мұқтаж. Көбінде оларға ұсақ техникалық бұйымдар, құралдар, резиналық етік, гигиеналық заттар мен тағы басқа заттарға қажеттілік туындауда.

Естеріңізде болса, Батыс Қазақстанда су тасқыны сәуір айының басында басталған болатын. Алматы қалалық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұхит Түменбаевтың айтуынша, су тасқыны апаты кезінде 57 елді мекен, 3,1 мың тұрғын үй мен 2,1 мыңға жуық құрылыс пен 8 852 адам эвакуацияланған, оның 1182-сі - балалар.

Соңғы жаңалықтар