Алматылықтар Бәйкен Әшімовтің 100 жылдығын атап өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар майдангер, танымал қоғам қайраткері, 1970-84 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1984-85 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы, Социалистік Еңбек Ері (1977 жылы) болған Бәйкен Әшімұлы Әшімовтің 100 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

null

Абай атындағы Опера және балет театрында қоғам қайреткерінің 100 жылдығына арналған ауқымды салтанатты шара ұйымдастырылды. Кеш Б.Әшімовтің өмірі мен еңбек жолына арналған деректі фильммен басталды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Бәйкен Әшімовтің 100 жылдығымен құттықтап, оның өнегелі өмір жолына тоқталды.

null  

«Бүгін аса көрнекті, мемлекет және қоғам қайраткері, бүкіл саналы ғұмырын еліне арнаған Бәйкен Әшімұлы Әшімовтің 100 жылдығына арналған салтанатты кеште бас қосып отырмыз. Бәйкен Әшімов ел мүддесін көздеген көптеген игілікті істердің басы-қасында болды, Кеңестер одағындағы Министрлер кеңесінің ең беделді төрағасы ретінде танылды. Министрлер кеңесі қызметінде жүріп, сол кезеңде министрліктің күн тәртібінде тұрған республикадағы кәсіпорындарды электрлендіру, механикаландыру және өндірісті автоматтандыру сынды аса маңызды міндеттерді жүзеге асырды. Жаңа технологиялар енгізді. Көлік, энергетика, химия және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау салалары қарқынды дамып, Қазақстан экономикасы жағынан Одақ көлемінде ең алдыңғы қатардағы елге айналды. Бұл қызметті ол үздіксіз 14 бойы абыроймен атқарып, Кеңестер одағындағы әріптестері ішінен жалғыз өзі Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдары Бәйкен ағамыз, өзінің мол тәжірибесімен, зор беделімен Елбасының сенімді кеңесшілерінің бірі болды. Тәуелсіз Қазақстанның «Парасат», «Отан» ордендерімен марапатталды», - деді әкім.  

null 

Кеште Бауыржан Байбектің құттықтауынан кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің құттықтауын Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова оқып берді. Онда Бәйкен Әшімовтің ұлтына деген сүйіспеншілігі ерекше болғаны атап өтілген.  

null 

«Сол кезеңдерде Бәйкен Әшімов жоғары мінберлерде сөйлеген сөзінде Ұлы Абай атамыздың даналығын еске алып, республика көлемінде өткен жиындарда алғашқылардың бірі болып, қазақ тілінде баяндама жасауы, оның ұлтына деген ерекше құрметінің белгісі еді», - деді Зәуреш Аманжолова құттықтау хатты оқи отырып.

null  

Жиында Бәйкен Әшімовтің замандасы Кеңес Аухадиев та өз естеліктерімен бөлісті.

«Сонша қызмет атқарып, ұзақ өмір сүріп, 93 жасында қайтты. Міне, 100-ге толғанын барлығымыз атап өтіп отырмыз. Мен Алматыны басқаруға келгенімде Бәйкен Әшімовпен кездестім. Оның адамгершілік қасиеті, жан тыныштығы, ойлампаздығы, ойланып барып қорытындылайтын ерекше адал мінезін еске алғым келеді», - деді Кеңес Аухадиев естелігінде.

null 

Құттықтау сөздер мен естеліктерден кейін, көрерменге арналып концерттік бағдарлама ұсынылды. Кеште тың игеру кезінде, соғыстан кейінгі уақыттағы әндер, композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары орындалды.

null 

Бәйкен Әшімов 2010 жылдың 5 ақпанында 93 жасында бақилық болды. 

Соңғы жаңалықтар