Алматылықтар cайлау учаскесінің мекенжайын Telegram-бот арқылы біле алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар өзін және жақындарын сайлаушылар тізімінен тексеріп, сондай-ақ өз сайлау учаскесінің мекенжайын біле алады. Ол үшін SAILAU_ALMATY2019 Telegram-ботын пайдаланса болады.

Алматылықтар cайлау учаскесінің мекенжайын Telegram-бот арқылы біле алады

Чат-ботты пайдалану үшін Telegram-ның іздеу жолағына SAILAU_ALMATY2019 атауын жазу, қосылу және «старт» командасын басу қажет. ЖСН енгізілгеннен кейін виртуалды көмекші сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын жібереді.

Сұрақтар туындаған жағдайда байланыс орталығына +7 727 224 22 22 хабарласып, кеңес алуға болады.

Сондай-ақ ыңғайлы болу үшін Алматы қаласы әкімдігінің және Open Almaty қоғамдық қабылдауының сайттарында арнайы бөлім құрылды. Тұрғындар оның көмегімен де ЖСН енгізу арқылы сайлаушылар тізімінен өзін тексере алады.