Алматылықтар циркте көгершіндердің ерекше қасиетіне тәнті болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар үйретілген көгершіндердің өнерін көрсеткен ерекше цирк бағдарламасын тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Алматылықтар циркте көгершіндердің ерекше қасиетіне тәнті болды

null
Аталған цирк нөмірі Парижде өткен цирк өнері байқауының гран-при жүлдесін жеңіп алған.

«Көптеген цирк қойылымдарында тәлімгер шарды өз қолымен айналдырып тұрады да онда отырған көгершін жүруге мәжбүр болады. Ал мен өз нөмірімде шардан алыс тұрамын да құстардың өздері нөмірді орындап шығады. Шардың ішінде 4 көгершін айналса, үстіндегі біреуі де мен бұйрық бермейінше тоқтамай айналады», - дейді ерекше нөмірдің авторы ресейлік үйретуші Марина Катаева.
null 
null 

Оның айтуынша, құстардың үйренгені сондай олардың әрқайсысы өз орнын біледі және қай кезде ұшу қажеттігін әбден үйренген.

«Көгершіндер өзге құстар секілді тез үйреніп кетпейді. 10 көгершіннің 2-3-еуі өзінше қимылдап трюкке көне қоймайды. Сондықтан, оларды  үйрету үшін барынша жылылық танытамын», - дейді ол.
null null 

Марина өз сөзінде құстардан бөлек иттер мен мысықтарды, аю мен жырқыш аңдарды да цирк бағдарламасына көндіре алатынын айтты.
null 

Ресейлік шебер қазіргі уақытта Юрий Никулин циркінің мерейтойлық бағдарламасымен келіп, Алматы қаласында өнер көрсетіп жатыр.
null null null