Алматылықтар фискалды чек бермеген 1200-ден астам дүкен иесінің үстінен арызданды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өткен жылы тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде фискалды чек бермеген кәсіпкерлерге қатысты салық органдарына 3 мыңнан астам, биылғы үш айда 1200-ден астам арыз түскен. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Ведомство ақпаратына сәйкес, азаматтар фискалды чектің берілмеу себебінен ақауы бар немесе мерзімі өткен тауарды қайтару, айырбастау мүмкіндігі жоқ екенін айтып шағымданған.

«ҚР аумағында ақшалай есептесу кассалық аппаратты қолдана отырып жүргізіледі және тауарды сату немесе қызмет көрсету кезінде сатушы фискалды чек беруге міндетті. Кәсіпкерлер жиі жол беретін бұзушылықтар: қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен төлеген кезде чекті бермеу, фискалды чектің орнына тауар чегін беру және жеке тұлғаның жеке шотына ақша қаражатын аудару болып табылады. Мобильді аударымдар кәсіпкерлік қызметте пайдалануға арналмаған. Мобильді аударымдар мен мобильді төлемдер арасындағы айырмашылықты түсіну маңызды. Мобильді төлемдер – бұл мобильді қосымшаны немесе штрих-кодты сканерлейтін арнайы жабдықты қолдана отырып, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлем әдісі», - деп хабарлады ведомстводан.

Осыған орай Алматы қаласы бойынша МКД тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында азаматтарды чек беруді талап етуге шақырды. Кәсіпкердің жеке шотына аударымның орнына, мобильді төлемдер мен QR-кодты қолдану қажет екенін, чекті бермеу фактісі бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне хабарласуды сұрады.


Соңғы жаңалықтар