Алматылықтар қабылдауға жеке бас мәселесімен ғана келмейді – Сағынтаев
«Қабылдауға келгендердің арасында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерімен айналысатын Арнұр Ысқақов пен Нұргүл Сейітбекова болды. Олардың «Белсенді өмір» форумын өткізу және ыңғайлы киімдер тігу жөніндегі әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыру ұсынысын қолдаймыз», - деп жазды Алматы әкімі.
Оның айтуынша, қолжетімді ортаны қамтамасыз ету – «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының бақылауында тұрған маңызды мәселелердің бірі.
«Аппараттық жиында «Кедергісіз келешек» партиялық жоба туралы ақпаратты тыңдадық. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді ортаны қалыптастыратын әрі мемлекеттік қызметті көрсететін 20 ұйымның жұмыстарында кемшіліктер бар. Шешім қабылданды: партияның қалалық филиалының келесі отырысында аталған объектілер басшылары көрсетілген проблемалардың қалай шешіліп жатқанын баяндайтын болады», - деп қортындылады Бақытжан Сағынтаев.