Алматылықтар қаланың 1 000 жылдығына арнайы ән шығарды (ФОТО)

«Алматыға -1 000 жыл» әнінің авторы «Золотой граммофон» жүлдесінің иегері, Анита Цой мен Ани Лоракқа ән жазған Ислам Рақымжанов.
Вокалды партияны белгілі әншілер Нұрлан Абдуллин мен Владимир Ступин жазды. Ал қобыз, шаңқобыз, сазсырнай, қыл қобыз, домбырамен орындалатын партияны The Magic of Nomads ансамблінің музыканттары Ғазиза Ғабдрахимова мен Жалғабек Ілес жазды.
«Қазіргі таңда әннің орыс тіліндегі нұсқасы дайын. Киевте қазақ тіліндегі нұсқасы жазылып жатыр», - деді қалалық мәслихат депутаты Ерлан Стамбеков.
«Бұл қала менің өмірімде маңызды рөл атқарады. Біздің балалық, жастық шағымыз өткен қала туралы есте қалатын ән әр алматылықтың жүрегінен өшпес орын алады деп сенеміз», - деді The Magic of Nomads ансамблінің жетекшісі Ғазиза Ғабдрахимова.
Жоба ұйымдастырушылары 6 минуттық композицияның бейнебаянын жазуға қала тұрғындарын шақырып отыр.
Ол үшін кез-келген интернет қолданушы Алматының көрікті жерлерінде 5 секундтық видео түсіріп marinkess@gmail.com адресіне жібере алады. Үздік жұмыстар бейнебаянның видеоқатарына қосылады.
1 айдың ішінде бенейбаян телеэфирге жол тартады.