Алматылықтар қаланың 200-ден астам ауласын қардан тазартты

АЛМАТЫ. Алматыда 1800-ге жуық пәтер иелері кооперативтерінің қызметкерлері бейсенбі күні азаңнан бері қар басып қалған тұрғын үйлердің аулаларын тазарту жұмыстарымен айналысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматылықтар қаланың 200-ден астам ауласын қардан тазартты

Бұл жұмыстар барысында әсіресе үлкен мұздар қатып қалған ғимараттардың шатырының тазалық жұмыстарына баса мән берліп отыр. Өйткені олар адам өміріне айтарлықтай қауіп тудыруы мүмкін. Мұздарды тазалау жұмыстарына коммуналдық қызмет мекемелеріне көмек ретінде ұйымдар мен кәсіпорындар 238 қызметкері мен 18 техникасын бөлді.

Сейсенбінің кешінде 236 аула тазаланды.

Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, коммуналдық мекеме қызметкерлері мен оларға қолғабыс етіп отырған қызметкерлер қала магистральдарындағы тазалық жұмыстарын тоқтатпастан кішігірім көшелер мен автобус аялдамаларын да тазалау жұмыстарымен айналысып жатыр.Сағат 18-00-дер шамасында 280 аялдама қар мен мұздан тазартылды.

Айта кетейік, 16 қарашадан бастап, 4 тәулік ішінде қаладан 95 мың 380 текше метр қар мен мұз шығарылды. Алматыны шектен тыс қалың түскен қардан тазарту жұмыстары тәулік бойына жалғасуда.

Осыған дейін қала әкімі Бауыржан Байбек алматылықтарға қаланы қардан тазарту жұмыстарына қосқан үлестері үшін алғысын білдірген болатын.