Алматылықтар қай мемлекеттік органдарға көбірек шағымдады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қала тұрғындарының қай мемлекеттік органға көбірек шағымданатынын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Тұрғындар мына мемлекеттік орган қызметкерлерінің әрекеттеріне жиі шағымданады: ішкі істер департаменті, қала әкімдігінің АХАТ бөлімдері, мемлекеттік кірістер департаменті, денсаулық сақтау басқармасы», - деді Алматы қоғамдық кеңесінің отырысында ҚР Алматы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметті көрсетудің тым ұзаққа созылуы, бос әурешілік, қағазбастылық, мемлекеттік қызметшілердің этикаға қайшы мінез-құлқы сияқтыларға жұрттың көңілі толмайды.

Ш. Әлімхан келтірген деректерге сүйенсек, жыл сайын мемлекеттік органдарға 2,5 миллион өтініш келіп түседі. Төрт жылда өтініштердің мөлшері 3,5 миллионнан 2,3 миллионға қысқарғанымен, шағымдардың мөлшері артып келеді.

«2014 жылы 120 мың шағым түскен, ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 180 мыңға жетті», - дейді шенеунік.

Соңғы жаңалықтар