Алматылықтар коронавирусты көбіне сауда объектілерінде жұқтырады – Бекшин

Бекшиннің айтуынша, науқастардың 90% вирусты – сауда объектілерінде (37,3%), қоғамдық көлікте – 22,2%, отбасыларда – 19,3%, базарларда – 11,2% жұқтырған.
Сондай-ақ мегаполистің барлық тұрғындары санитарлық нормалар мен карантин талаптарын елемей, қауіпсіздік шараларын тиісті деңгейде сақтамайтыны атап өтілді.
«Қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына қарамастан, мен барлығын, әсіресе егде жастағы азаматтарды коронавирустың кез келген штамынан қорғауды қамтамасыз ету үшін тағы да вакциналануға шақырамын», - деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.
Спикер қаладағы барлық вакциналар тиімді, тіпті вакциналанған адам ауырып қалса да, қалыптасқан иммундық қорғаныс аурудың жеңіл ағымын қамтамасыз етеді және өлім-жітімге жол бермейтінін атап өтті.