Алматылықтар Құрбан айт мерекесін спорт шарасымен атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасиетті «Құрбан Айт» күніне орай Алматы қаласының Орталық мешітінде «Асыл мұра» бағдарламасының аясында шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени және спорттық шара өтті, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.
None
None

Орталық мешітке келген 5000-ға жуық жамағат мерекелік шараның куәгері ғана болмай, түрлі спорттық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды.

Мереке аясында «Асыл мұра» бірегей бағдарламасын біріктіретін кешенді мәдени-сауықтыру және спорттық шаралар барлық қатысушыларға мерекелік көңіл-күй мен естен кетпес күн сыйлады. Мешітке келуші жамағаттар ұлттық спорт түрлерінен бақтарын сынады. Атап өтсек, асық ату, қошқар көтеру, арқан тарту және армрестлингтен бәстесті. Сонымен қатар, айт-намаздан кейін көрермендер «Домбыра» ансамблінің ұлттық аспаптардағы туындыларын тыңдап, «Топ жарған» акробаттарының өнерін тамашалады.
null

Спорттық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қошқар көтеруден топ жарған Алтынбек Құдайбергенов бүгінгі күннен алған əсерімен бөлісті:

- Мен осы сыйлықты жеңу үшін тырысып бақтым. Аллаға шүкір, дегеніме жеттім. Қошқарды 150 рет көтердім.  Әрине, қиын болды, бірақ, мен күн сайын дайындаламын. Өзім күреспен айналысамын. Сонымен бірге, бүгін гір көтеруден екінші орынды жеңіп алдым, - деп ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
null

Сондай-ақ, қонақтарға тағамдар мен сусындар тегін таратылды. Мерекелік шара орталық мешіттің наиб-имамы Жорабай Дулатбаевтың құттықтау сөзімен өз мәресіне жетті.

Айта кетер жайт, Алматы мешіттерінің келушілері арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған "Асыл мұра" бағдарламасы осы жылы іске қосылып, мешітке келуші жамағаттар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда.

Құрбан Айт - мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі, ол Ораза аяқталғаннан кейін, 70-ші күні тойланады. Осы жылы Құрбан айт қыркүйектің 1-і күні басталып, үш күнге жалғасады.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар