Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 127 млрд теңге аударған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 2017 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықта Медициналық сақтандыру қорына 689,2 млрд теңге түсті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес ұйымының Алматы филиалы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 127 млрд теңге аударған

«Жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 127,5 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 92,4 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 35,1 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі», - деп хабарлады қордағылар.

Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлеушілер саны артып келеді. Алматы қаласы бойынша 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 200 мыңнан астам адам 483,9 млн теңге көлемінде БЖТ төлеген.