Алматылықтар мен қала қонақтары желтоқсан қаһармандарын еске алу үшін «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қойды
АЛМАТЫ. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Демократиялық жаңару күнін қала тұрғындары мен қонақтары «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл қою рәсімінен бастады.
Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы бұл монумент Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына орай сәулетші, дизайнер Тимур Сүлейменовтің жобасы бойынша 2006 жылдың қыркүйек айында тұрғызылған. Оның ашылуына ҚР Президенті Нұрсұлтан назарбаев қатысқан болатын. Содан бері ол 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі қаһармандарын еске алып, азаттық жолында құрбан болғандардың рухына тағзым ететін орынға айналған болатын. Сол себепті биыл да осы дәстүр бойынша жергілікті билік пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері гүл шоғын қойып, аруақтардың рухына құран бағыштады. Енді «Жұлдыз» мейманханасында арнайы ас берілуде. Одан кейін «Азат рухтың алдаспандары» деп аталатын ән мен күй кеші өтпек.