Алматылықтар Наурыз мейрамын тойлауды жалғастырып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылықтар әз-Наурыз мейрамын тойлауды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылықтар Наурыз мейрамын тойлауды жалғастырып жатыр

Бүгін Наурыз мейрамы Алматы қаласының Алатау ауданында өз жалғасын тапты. Таңнан бастап «Алатау» дәстүрлі өнер театры алдында мейрамға арналған концерт өтіп жатыр.
Дәстүрлі өнер театры алдына театрландырылған шоуды тамашалады.
Театр қойылымдарымен қатар, ұлтымыздың ұлттық құндылықтары – домбырамен ән шырқау, халық әндері, ұлттық киім, қазақ биі ұсынылды.


Арқан тарту, қол күрес, қазақ күресі сынды спорттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Келушілерген Наурыз көже таратылды.
Айта кетейік, мегаполисте негізгі мерекелік шаралар 21-23 наурыз аралығында өтеді. Қаланың барлық аудандарында 80-нен астам түрлі іс-шара жоспарланған.