Алматылықтар «NowRyz Party» шарасын атап өту үшін алып тиіннің қасына жиналды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Атакенттегі атақты арт-нысан тиіннің қасында «NowRyz Party» думанды шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылықтар «NowRyz Party» шарасын атап өту үшін алып тиіннің қасына жиналды

Мейрам қарсаңында алматылық алып тиіннің басына тақия кигізіліп, қолына жауқазын ұстатылған болатын.

Сағат 12-00-ге таман «Атакент» аумағында ине шаншар жер қалмады.

Шараға келген қонақтар алтыбақан теуіп, мерекелік жәрмеңкеден ұлттық бұйымдар алды.

Бүгін және ертең Алматыда мерекелік шаралар жалғасады.

null null