Алматылықтар онкология дәрігерлерінен тегін тексерістен өте алады

АЛМАТЫ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүкiләлемдiк қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай Алматы тұрғындары үшін тегін медициналық тексеру жұмыстары көрсетіледі.
None
None

Қалалық онкологиялық диспансердің Бас дәрігері Диляра Қайдарованың айтуынша, 2011 жылдың 5 ақпанында сағат 9:00 мен 18:00 арасында Алматы қаласының қалалық онкология диспансерi мен Алматы облысының облыстық диспансерiнде қала және облыс тұрғындары үшін тегiн медициналық тексеріс жүргізіледі. «Ал бүгін «Мега - Алматы» СО-да Бүкiләлемдiк қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай жүргізілетін, ақпараттық-ағарту акциясы өтедi», -дейді ол.

Оның айтуынша, жыл сайын елімізде 30 мыңдай қатерлі ісікке жаңадан шалдыққандар тіркелсе, жыл сайын 15 мыңдай адам осы дерттен көз жұмады екен. «Қолайсыз экология, созылмалы стресстер, қимылдың аздығы және нашар әдеттердің болуы - қазiргi заман өмiрінің ажырамас факторлары қатерлі ісіктердің пайда болуына себеп болып тұр. Халықтың көбі қазіргі кезде, қатерлі ісіктер алғашқы сатыларда анықталғанда 100% жағдайда бұл дерттен толығымен емделу мүмкіндігі бар болғанын бiлмейдi. Осыдан 20-30 жыл бұрын қатерлі ісіктердің емі, сол дерт сияқты қиын болатын. Бүгінгі таңда, жаңа емдеу әдістері бұрыңғылардан әлде қайда тиімді болып тұрып, науқастардың сапалы өмір сүруіне мүмкіндік береді. Өкiнiшке орай, бұл дертпен мамандарға кеш жолыққандарды емдегенде, оң нәтижеге жету өте қиын», -дейді Бас дәрігер.

Д.Қайдарова қазiргi медицина бұл ауруларды тиімді емдеу әдістерін тауып, оларды ресми түрде мақұлдағандығын айтады. «Бұл әдiстердің бәрі де, Қазақстан тұрғындарына жеткілікті. Дәрiгер-онкологтардың қорытындысы бойынша медицина жетістіктері адамдардың қорқынышы мен надандығы алдында әлсiз. Адамдардың өз денсаулығының күйi туралы ештеңе бiлгiсi келмейдi, көбінесе мамандарға кеш қаралады. Әлемнің дамыған елдерінде қатерлі ісіктерді алдын алу үшін жаппай жүргізілетін насихаттау шаралары, халықтың жыл сайын өз бетімен профилактикалық байқаулардан өтуіне себеп болды», -дейді ол.

«Қалалық онкология диспансер дәрігерлері мен «Қатерлі ісікпен күресейік» қоғамдық қордың мақсаты - жалпы ақпарат құралдары арқылы жаппай халықтың бұл маңызды мәселеге назарын аудару арқылы, елдің бұл дертке көзқарасын өзгерту. Халыққа бұл аурудың алғашқы белгілерін күтпей, бұл дерттің алдын алу үшін дәрігерлерге жолығуды арқашан уағыздау қажет», -дейді Диляра Қайдарова.

Соңғы жаңалықтар