Алматылықтар «Open Almaty» порталы арқылы мемлекеттік қызметті пайдаланатын болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар қала билігімен интерактивті тақта арқылы байланысатын болады. Бүгін пилоттық режімде «Open Almaty» порталы іске қосылды.
None
None

Smart City тұжырымдамасын іске асыру аясында қосылған  «Open Almaty»  жобасы Алматы қаласы тұрғындары, кәсіпорындар мен келушілерге өмірлік жағдайларды шешуге көмектесуге бағытталған.

Сондай-ақ, ашық есік қағидаты бойынша әкімшіліктің халыққа қолжетімділігін арттыра түспек.

Мамандардың айтуынша, бұл қоғамдық қабылдау орталығы бір шаңырақтың астында әкімдіктің қоғамдық қабылдау орталығын, инвесторларға қызмет көрсету орталығын, туристік орталықты, МЖӘ орталығын, әкімшіліктің бірыңғай қоңырау-орталығын, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарайтын құзырлы орган қызметкерлерін біріктіреді.

 «Бүгін біз халықтың өмірлік жағдайларда шешіміне арналған ақпарат көзі болуға әлеуеті бар пилоттық режімде «Open Almaty» порталын іске қосамыз. Алматы қаласы тұрғынына қандай мемлекеттік орган немесе коммуналдық шаруашылығы қызмет көрсететінін және проблемалар туындаған жағдайда қайда баруды білу тіпті қажет емес ететіндей болуы тиіс. Жобаның табыстылығы техникалық сипаттамаларға ғана тәуелді емес, сондай-ақ азаматтардың іске араласу деңгейіне де байланысты. Біз порталды дамытудағы біздің пайдаланушылардың үлесін бағалаймыз: қызметтерімізді жақсарту үшін ескертулер мен ұсыныстар порталдың дамуына көмектеседі, - деді «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Асаубаев.

Соңғы жаңалықтар