Алматылықтар пәтер иелері кооперативтердің жұмысына шағымданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабапрлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуге келген тұрғындар Алмалы ауданының ПИК-тердің және монополистердің жұмыстарына шағымданды, сонымен қатар, экологияны жақсарту, қалада өмір сүру үшін жайлы жағдайлар жасау жөнінде пайдалы ұсыныстар айтты.

Алмалы ауданы мәдени және қоғамдық өмірдің тарихи орталығы болып саналады. Ауданда су, жылу, кәріз және электр мәселесі толық шешілген.

Урбанистика және жайлы орта мәселелері әлі де өзекті болып отыр.

Ауданда тағы 18 км тротуар салу және халықтың мүмкіндігі шектеулі тобы үшін 28 км жолды қайта қалпына келтіру қажет. 26 учаске маңына сыртқы жарық орнатылады, сонымен қатар 49 аула аймағы мен 68 көшеге қосымша жарық беріледі.

2020 жылы Алмалы ауданындағы 192 аула жөнделеді, қалған 52 аула 2021 жылы жаңартылады.

Жеке инвесторлардың көмегімен ескі үйлердің проблемасы шешілуде, ағымдағы жылы ауданда 7 ескі үй сүрілген, 52 отбасы баспанасын жақсартқан. Жалпы, осы мәселені ұтымды шешу үшін қалалықтардың белсенділік танытулары және инвестор ұсынған нұсқа бойынша бірауыздан шешім қабылдағандары жөн.

Оқушы орнының тапшылығын жою үшін Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшесі бойында 1000 орынды мектеп салу жоспарланған. Айта кетерлігі, келер жылы №144 мектеп-гимназия жанынан қосалқы нысан салу үшін құжаттар әзірленіп жатыр.

Бүгінгі кездесуде ПИК-тердің жұмысына және «Алматытелеком» компаниясының байланыс қызметіне көп шағым айтылды. Дегенмен, тұрғындар экология мен жасылдандыруды жақсарту, оның ішінде шырша бағын бөлу бойынша ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, тұрғындар көшелердегі урналардың аздығына, парктер мен көңіл көтеретін орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге назар аударды.

Аудан тұрғындарын қоғамдық көліктің жұмысы да толғандырады. Алматы әкімі Б. Сағынтаев автобустар тапшылығы қала және жеке автопарктер есебінен толығатынын атап өтті. Троллейбустардың тағдыры туралы қойылған сауалға қала әкімі Б. Сағынтаев жауап берді.

« Троллейбустардың жұмысы тоқтамайды. Бұл қоғамдық көлік халыққа қызмет көрсете бермек. Тіпті, келер жылы оның байланыс желілері мен инфрақұрылымын жаңартамыз», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Кездесу соңында, Бақытжан Сағынтаев қалалықтарды белсенді болуға және қаланы жақсарту жұмыстарына атсалысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар