Алматылықтар референдум учаскелеріне сағат жеті болмай жиналды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қатысты дауыс беру басталды. Бүгін қаладағы учаскелер ашылмай жатып, референдумға қатысуға келген алматылықтар қарасы қалың болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда алғашқы референдум учаскесі таңғы сағат 6.00-де ашылды. Ал дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша сағат 7.00-де басталды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, өз даусын беруге келген қала тұрғындарының көңіл-күйі көтеріңкі.

Солардың бірі Данияр Тлеубердиев.

«Менім жасым 27-де. Осы уақытқа дейін ешқандай саяси науқаннан тыс қалған емеспін. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бей-жай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы деп санаймын. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт», - дейді Данияр Тлеубердиев.

№ 359 референдум комиссиясының төрағасы Айымгүл Иманғалиеваның айтуынша, сайлашуларға барлық жағдай жасалған.

«Біздің сайлау учаскесінде 2051 адам тіркелген. Алматылықтар белсенді атсалысып жатыр. Төрт бақылаушы жұмыс істеуде. Барлық сайлау нормаларын қатаң қадағалаймыз», - дейді Айымгүл Иманғалиева.

Мегаполисте 574 референдум учаскесі ашылған.


Соңғы жаңалықтар