Алматылықтар тегін жер аламын деп алданып қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мемлекеттен тегін жер алып беремін деп елді алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 45 жастағы ер адам жер құжаттарының бәрін өзі жасап алған.
null 

«Жалған құжаттарды көрсетіп, адамдардың сеніміне кіріп отырған. Шын есімі Амантай Белгібаев, бірақ өзін Талғат Орланұлы деп таныстырып келген. Ол «8 сотық жерді мемлекеттен тегін алуға қақыларыңыз бар, осы қызметті көрсеткенім үшін тек 20-30 мың төлесеңдер болды» деп 30 адамды алдаған», - деді Наурызбай ауданы ІІБ басшысы Дәурен Өтебаев.

Оның айтуынша, жапа шеккендер саны арызданып келгендерге қарағанда әлдеқайда көп болуы мүмкін.
null 

Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр.

Қалалық полиция ақшасын беріп алданып қалған азаматтарға 254-44-62; 254-44-64 және 8-778-185-57-02 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар