Алматылықтар Tele 2 және Altel компанияларының қызметіне шағымданып жатыр

 АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар Tele 2 және Altel операторларының қызметіндегі ақауға шағымдана бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әлеуметтік желі қолданушылары «Тіріл, Теле 2» сынды әзілдер де шығара бастады.

Теле 2 компаниясы ақауға қатысты түсінік берді.

«Желіде ақау табылды. Дыбыстық және СМС қызмет түрлері қалпына келтірілді. Қазір мобильді интернетті қалпына келтіріп жатырмыз. Желінің істен шығу себептері анықталуда», - деді Теле 2 компаниясының PR-менеджері Олжас Бибанов.

Осы мәселеге қатысты Altel компаниясы да түсінік берді.

«Апатты қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты кей уақыттарда ұялы байланыс және Интернет қызметі шектелуі мүмкін. Желідегі ақау жақын уақытта қалпына келтіріледі. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», деп жазылған «Altel» компаниясының Facebook желісіндегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар