Алматылықтар Терренкурда жүріп жатқан құрылысқа наразылық білдірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Алматыда Терренкур аумағында тұрғын үй кешені салынатыны туралы жазба жарияланды. Алматы әкімдігі осыған байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: facebook.com/Сергей Чикин

Алматы тұрғыны Сергей Чикин Facebook арқылы жергілікті билік өкілдеріне аталмыш құрылысты тоқтатуды сұрады.

«Терренкурда тұрғын үй кешенін салмақшы ма? Бірер апта бұрын Терренкурда, яғни, қала тұрғындары серуендеуді жақсы көретін жерде құрылыс жұмыстары басталды. Қазірдің өзінде үлкен қоршау пайда болды. Өткен жылы жазда 30 сотық жердің 250 млн теңгеге сатылатыны хабарландыру сайтында жарияланды. Қазір бұл учаскенің жаңа иесі бар. Білетін кісілерге сұрағым бар: мемлекеттік қорда тұрған жер қалайша жеке меншікке өтті, оның үстіне су қорғау аймағында?», - деген сұрады пост авторы.


Ол сондай-ақ бұл жерде баскетбол алаңы, турник, теннис үстелі бар спорт алаңын сүру жұмыстары жақында басталуы тиіс екенін мәлімдеді.

«Құрылыс алаңының бір бөлігі - іргелес жатқан 16 сотық жер учаскесі болды, мұнда үлкен зәулім үй сүрілді. Демек, 46 сотық жер - элиталы таунхаус салуға өте қолайлы аумақ болғаны ғой», - деп жазды Сергей Чикин.


Ол сондай-ақ құрылыс жұмыстары рұқсатнсыз жүріп жатқанын мәлімдеді.

Алматы әкімдігі құрылыс жұмыстары ешқандай рұқсатсыз жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Бұл жер учаскесі жеке меншікте. Құрылысқа ешқандай рұқсат құжаттары берілген жоқ. Қазіргі уақытта спорт алаңын сақтай отырып, жер учаскесін мемлекет қажеттілігіне қайтару мүмкіндігі қарастырылып жатыр», - деген жауап келді әкімдіктен.


Соңғы жаңалықтар