Алматылықтар тұңғыш рет 3D отшашулар шоуын тамашалады

Бұған дейін Лас-Вегастағы «Париж» казиносы, Израильдегі «Иерусалим -3000», Сиднейдегі олимпиада ойындары мен Флорида мен Токиодағы Уолт Дисней парктеріндегі мекерелерден ғана көруге болатын отшашулар шоуы Алматы аспанынын 7 минут бойы әсем күйге бөледі. Қала күні құрметіне арналған әсем көріністі Pyrovision және Infinity Visions компаниясының мамандары қойды. Олардың айтуынша бұған 1 ай бойы дайындалған. Infinity Vision компаниясының жетекшісі Альберта Наварроның сөзіне қарағанда, бұндай шоу тек Қазақстан ғана емес, Орта Азияда бірінші рет жасалып тұр. «Бұл Қазақстандықта мәдениетінің жоғары деңгейге көтерілгендігінің белгісі»,- деді ол.
1,5 мың тонна пиротехникалық заттар жұмсалған отшашу Алматының Астана алаңынан берілді. Шоуды тамашалуға бұнда 30 мыңнан астам алматылық жиналды. Алайда ауқымды отшашу ауқымдылығынан қаланың барлық жерінен көрінді. Мерекелік шоу Қазақстан жұлдыздарының концертіне ұласты.