Алматылықтар Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда құрылған бригадалар мен дивизиялардың шайқасқан жерлеріне автошеру өткізбек

Ы. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Аталмыш шара «Біз соғыс қаһармандарын есте сақтаймыз» халықаралық патриоттық акциясы шеңберінде өтпек.
None
None

Акция «Ақпараттық бастама» Корпоративті қоры мен «Жалғас» мекемесінің ұйымдастыруымен және ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауы арқылы жүзеге аспақ.

«Жалғас» мекемесінің атқарушы директоры Михаил Тюниннің айтуынша, автошерудің жүру барысында конференция, қозғалмалы кіші көрмелер мен Қазақстан, Ресей және Беларус жерлерінде дөңгелек үстелдер өткізіліп, қазақстандықтардың соғысқа қосқан үлестері жайлы айтылмақ.

«Біз қоғам назарын мамырдың 9-нан басқа да көптеген тарихи күндер мен соғысқа қатысты ақпараттық желеулер бар екеніне аударғымыз келеді. Мүмкін осы шаралардың нәтижесінде жастарымыз маңайындағы ардагерлерге қолұштарын береді деген үміттеміз», дейді М.Тюнин.

Сондай-ақ ол 1200 шақырымдық автошеру бағыты бойынша Алматы, Балқаш, Қарағанды, Челябі, Уфа, Самар, Мәскеу және Мәскеу облысы, Псков облысы мен Минск қалаларын басып өтетіндігін айтады.

«Ресейдің патриоттық ұйымдарымен бірігіп Великие Луки қаласында қазақстандықтардың Псков облысының ұрыстарында қатысуы атты дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отырмыз және Новосокольник пен Невель қалаларында еске алу акциясы мен Кеңес Одағының Батырлары Ә. Молдағұлова мен М.Мәметованың қабірлеріне гүл шоқтарын қою рәсімін көздеп отырмыз», дейді жобаның тарихи кеңесшісі Сергей Княжевский.

Патриоттық автошеру Беларус жеріндегі Кеңес Одағының екі мәрте Батыры қазақстандық Л.И. Беданың қабіріне салтанатты түрде гүл шоқтарын қоюмен аяқталмақ.

Соңғы жаңалықтар