Алматылықтардың 60 пайыздан астамы құқық қорғау органдарына сенбейді - Ақордадағы кеңес

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматылықтардың 60 пайыздан астамы құқық қорғау органдарына сенбейді.

Алматылықтардың 60 пайыздан астамы құқық қорғау органдарына сенбейді - Ақордадағы кеңес

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР-дағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, есірткі заттарының заңсыз айналымының жағдайы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары тақырыбына қатысты құқық қорғау органдары басшыларымен өткізген кеңесінде ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев осылай деді.

«Алматыда тіркелген 52 мың қылмыстың 34,5 мыңы немесе 66 пайызы ұрлыққа тиесілі, ал олардың ашылуы небәрі 10 пайызды құрайды. Яғни 31 мыңнан астам алматылық полиция жұмысына қанағаттанбайды. Егер де зардап шеккендердің жартысы сенімсіздіктен немесе олармен байланысқылары келмей, полицияға арызданбайтындығын ескерсек, бұл сан бірнеше есеге артып кетеді. Жағдай республиканың басқа өңірлерінде де осындай», - деді ол.