Алматылықтардың жылу мен ыстық суға қарызы 1,8 млрд теңгеге жетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Су мен кәріз қызметіне қарыз алматылықтар қатаң жазаланады. Бүгінде қордаланған қарыздың жалпы сомасы 1,8 млрд теңге жетті. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматының коммуналдық қызметі ыстық су мен жылуға берешегі бар тұрығындардан ақшаны сот арқылы өндіріп алуға көшті. Енді күн сайын жылу желілері алдында қарызы бар абонемент ыстық судан ажыратылады.
«Қазірдің өзінде пайдаланылған ыстық су мен жылыту үшін жалпы берешек шамамен 1,8 млрд теңге. Борышкерлерге ыстық су беруді шектеу-бұл мәжбүрлі шара. Кәсіпорын осындай іс-шараларға жүгінуге мәжбүр, өйткені тұтынушылар тарапынан жылумен жабдықтау қызметтерін төлемеу алдағы жылыту маусымының толыққанды дайындығы мен тиісті өтуін қамтамасыз етуге теріс әсер етеді»,- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметі.
Компания мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда төленбеген жылу энергиясы үшін 415 млн теңге қарызы бар 2 140 тұтынушы ыстық судан ажыратылды, тағы 1 122 төлемеушіге 897 млн теңге сомасына сотқа талап арыз түсірді.
Жылу беріушілер қарызды өндіріп алу бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Компания қала тұрғындарын қарыздарын тезірек жабуға және коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді уақтылы төлеуге жауапкершілікпен қарауға шақырады.