«Алматыметроқұрылыс» компаниясының 60,72% акциясы сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада электронды сауда-саттықта «Алматыметроқұрылыс» компаниясы акцияларының бақылау пакеті 1,42 млрд теңгеге сатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында «Алматыметроқұрылыс» компаниясының 60,72% акциясын сату бойынша сауда өтті.
Оның сатушысы - «Алматы қаласы қаржы басқармасы». Сауданы жүргізу формасы - бағаның өсіміне аукцион ұйымдастыру. Оған сәйкес бастапқы баға бұрыннан белгіленген кезең бойынша артып отырады да, ең жоғарғы бағаны ұсынған тұлға жеңімпаз атанады.
Саудаға қатысу үшін кепілдік жарна 68 070 000 теңгені құрады, сонымен қатар бастапқы баға 2 633 258 000 теңге мөлшерінде белгіленді. Сауда қорытындыларына орай «Алматыметроқұрылыс» компаниясы акцияларының бақылау пакеті 1 422 907 523,71 теңгеге сатылды.
Активті сатып алған тұлға жайында мәлімет жарияланған жоқ.