Алматының 2 ауданында уақытша суық су болмайды

АЛМАТЫ.Қ азАқпарат – Алмалы және Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының 2 ауданында уақытша суық су болмайды

23 ақпан күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 16:00-ге дейін Алмалы ауданына қарасты Әуезов - Төле би - Розыбақиев - Гоголь көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда суық су болмайды.

«26 ақпан күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 16:00 дейін Райымбек даңғылы мен Розыбақиев көшесінен Байзақова көшесіне дейін, сондай-ақ Жетісу ауданына қарасты Бродский - Федоров - Кудерин көшелерінің бойындағы тұрғын үйлер мен басқа ғимараттарға су беру тоқтатылады»,- деп хабарлады «Алматы су» МКК.

Суық сумен жабдықтау қызметіне шектеулер жаңа су құбырларын магистральдық желілерге қосу үшін енгізілді.