Алматының 32 жасар кәсіпкерін өлтіріп кеткен қылмыстық топ мүшелері ұсталды

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарағандылық тәртіп сақшылары Алматы қаласының 32 жасар кәсіпкеріне қарақшылық шабуыл жасап, оны өлтіріп кеткен қылмыстық топты құрықтады.

Алматының 32 жасар кәсіпкерін өлтіріп кеткен қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифинтге Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, кәсіпкердің денесі жалға алынған пәтерде қол-аяғы байланған күйінде табылған. Сондай-ақ кәсіпкердің жеке дүниелері мен «Инфинити» маркілі көлігі ұрланған. Қолға түскен 3 күдіктіден заттай айғақтар табылған. Қазіргі таңда олардың осы тектес өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Сондай-ақ ұсталғандардың сыбайластарын құрықтау шаралары жүргізілуде.

«Ал Өскеменде «Тойота» көлігінің жүргізушісіне жасалынған қарақшылық шабуылдың ізі суымай әшкереленді. Онда түнгі

сағат 12-лер шамасында белгісіз екі азамат көлік жүргізушісін атыс қаруымен қорқытып көлікті тастап шығуын талап еткен. Осы әрекеттен соң оқиғаның мән-жайына қаныққан тәртіп сақшылары қарақшылық жасалған аймақтағы көшелердің бірінен күдіктілерді ұстады», деді департамент бастығы.