Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматының 320 көшесіне жарық шамдары орнатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматының 320 көшесіне жарық шамдары орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының 320 көшесіне жарық шамдары орнатылды

«Қалалық бюджет 2019 жылы 100% игерілді. Өткен жылы 587 шақырым инженерлік желілер салынды. Бұл - 287 шақырым кәріз құбырлары, 150 шақырым электр желісі, 20 шақырым жылу және 130 шақырым газ желілері. 73 шақырым жол құрылысы аяқталды, 47 шақырым арық реконструкциядан өтті»,- деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Мемлекеттік бюджет аясында шамамен 300 мың тұрғынды қамтыған 670-тен астам аула абаттандырылды. Бұрын жарығы болмаған 320 көшеге жарық шамдары орнатылды.