Алматының 35 көшесіне жөндеу жүргізіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Кестеге сәйкес, бүгін Алматының 35 көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, жөндеу жұмыстары барлық ауданда жүргізіледі.

Алатау ауданы: Хасан Оралтай, Жұмабаев, Барыс, Түймебаев, Красноармейская, Әуезов көшелері мен Рысқұлов даңғылы.

Жетісу ауданы: Жансүгіров, Серіков, Ратушный, Сүлейменов көшелері.

Әуезов ауданы: «Алтын бесік», «Атамекен» ықшамаудандары мен Пятницкий көшесі.

Наурызбай ауданы: Нұрпейісов, Тәжиев, Мұсабаев, Сланов көшелері, мешіт.

Алмалы ауданы: Досмұхамедов, Нұрмақов, Жұмалиев және Исаев көшелері.

Медеу ауданы: Талғар тас жолы, Омаров көшесі, әл-Фараби даңғылы, Қонаев көшесі.

Түрксіб ауданы: Ержанов, Папанин, Айша бибі, Енисейская көшелері.

Бостандық ауданы: Ә.Кекілбайұлы, Н.Тілендиев, Навои және Өтепов көшелері.

Күнделікті жөндеу жұмысына 400-ден астам жұмысшы мен 155 арнайы техника жұмылдырылады. Алматының 26 көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Жалпы, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3 096,8 шақырым, көше саны - 2 746. Оның ішінде магистральды маңызы бар көше саны - 385, олардың ұзындығы 1 150 шақырым. Жергілікті маңызы бар көше саны - 2361, олардың ұзындығы 1 946,8 шақырым.


Соңғы жаңалықтар