Алматының «а-41» командасы «Megaline Counter Strike Challenge-2008 Autumn» ойын сайысының жеңімпазы болды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматының «а-41» командасы он-лайн режимінде өткен «Megaline Counter Strike Challenge-2008 Autumn» ойынының жеңімпазы атанды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат сайыстың ұйымдастырушысы «Қазақтелеком» АҚ-на сілтеме жасай отырып.Екінші орынға «b2w» (Алматы, Орал, Қарағанды ойыншыларынан құралған) командасы ие болса, ал үшінші орынды «Northern Legion» (Көкшетау, Астана, Орал ойыншылары) иемденді. Жеңімпаз командалардың барлық мүшелері «Megaline Hit» желісіне жыл бойы тегін жазылу мүмкіндігіне ие болды және басқа да құнды сыйлықтар ? соңғы үлгідегі компьютерлермен, мониторлармен, құлаққаптармен, USB-тасымалдағыштармен марапатталды. «Қазақтелеком» АҚ осындай он-лайн ойындар бойынша сайыстар ұйымдастыру арқылы Интернет-сервистер сапасын арттыруға ұмтылуда. 2007 жылы қазақстандық киберспорт тарихындағы алғашқы ауқымды он-лайн турнир «Megaline Counter Strike Challenge» өткізілген болатын. 2008 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да «Megaline Challenge» ойын лигасы құрылды, оған «Megaline» интернет желісіне қосылған абоненттер қатысты.Бір ай бұрын аяқталған ойын www.gameworld.kz ойын алаңында ұйымдастырылған болатын. Үш ай көлемінде Қазақстанның барлық облыстарынан 544 ойыншының басын қосқан 88 команда өзара сынға түсті. Әрбір команда құрамында бес негізгі ойыншыдан болды. «Counter Strike ойыны бойынша өтетін «Megaline Challenge» сайысы ойыншылар арасында ерекше танымалдылыққа ие. Өткен турнир көрсеткендей, қазақстандық киберспортшылардың деңгейі артып келеді, демек Қазақстанның әлемдік аренада көрінуіне мүмкіндік бар», дейді сайыстың бас төрешісі, www.gameworld.kz порталының өкілі Владислав Толмачев.
Соңғы жаңалықтар